Ұлы даланың жеті қыры

Бүгін Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің кітапханасында, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына талдау жасалып, студенттерге баяндалды. Баяндаманы дайындаған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 1- курс студенті Мади Әсел. Бұдан бөлек, іс – шарада «Кітап – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті» тақырыбында баяндама тыңдалды. Жастар жылы қарсаңында ұйымдастырылған іс – шараға Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты Нартбаев Шымырбай мырза қатысып, университетіміздің студент жастарына Төлеген Ағыбайұлының 1929 жылдары араб тілінен қолжазба түрінде жазылған «Тарихи дастан жәдігерлері» атты кітаптың баспаханадан шығарылып жатқанын айтып өтті. Жиын соңын Бектай Қожахметов қорытындылады.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған