«Мамандығым – мақтанышым» атты эссе жазу байқауы

2019  жылдың 5 наурызында университет қабырғасында студенттер арасында өткізілген «Мамандығым-мақтанышым» атты эссе жазу байқауын қорытындылап, мазмұнды эссе жазған студенттер марапатталды. Байқауды ұйымдастырған «Экономика және құқық» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы.

Марапаттау шарасына Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға міндетін атқарушы Кәрім Серік Сейтжанұлы және  бас маман Есенбаев Ерлан Маратович қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша Құқықтану мамандығының 1 курс студенті Әшім Мереке – І дәрежелі, 2 курс студенті Сұлтан Нұрсұлтан және 3 курс студенті Каттабеков Нұрсұлтан ІІ дәрежелі, 3 курс студенті Қорған Бексұлтан мен Таласова Лаура ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.

Семинарға қатысқан қонақтар студенттерге өз мамандықтарын сүюді және болашақта нағыз кәсіби маман болуды насихаттап, болашақ «Заңгер»  маманына қойылатын талаптар мен осы мамандықтың артықшылықтары туралы баяндады. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Есенбаев Е.М. жас маман ретінде өз тәжірибесімен бөлісті. Еңбек жолында жетістікке жетудің қыр-сыры туралы өз ойларын ортаға салды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған