«Сот жүйесін цифрландыру» атты семинар

Сот билігі – Ата Заңымызда бекітілген мемлекеттік биліктің негізін құрайтын үш биліктің бір тармағы. Сот билігінің абыройы – мемлекет абыройы, оның ар-ожданы. Бұл абырой, сот билігіне әр іс бойынша заңдылыққа бағына отырып, тек шындық үстемдік құратын әділ де заңды шешімдерімен ғана, қасықтап жиналатын қоғам сеніміне ие болғанда мүмкін болары хақ. Ал мұндай халық сенімі қандай да бір өлшемге сыймайтын, көрсеткіштермен есептелмейтін – би адал, шешім әділ болғанда ғана қол жеткізе алатын әділдіктің ауыр таразысы, шындықтың шыңы!

Елбасы ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспары, «Рухани жаң­ғыру» бағдарламалары – қоғам мен мем­лекеттік құрылым­ның барлық саласында, соның ішінде сот билігіне де ел мүдде­сіне сай биік белестерге жетуді мін­деттеді. Бұған қоса прогрес­сивті IT технологияға не­гіз­делген «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасы – қоғамның қай саласына да серпінді күш, жаңа тыныс беретін бағыт.

Елбасы озық сот тәжіри­бесін қалыптастыру мен сот өндірісін жетілдірудің негізгі көзі инновациялық технологияны кеңінен пайдалану қажет екенін атап айтқан болатын. Бүгінде ол іске асып, соттар қағазбастылықтан арылып, ­электронды технологияға негізделген, заман талабына сай, оңтайлы, қолжетімді, ашық сот процестері базасы жасалып жатыр. Сот жүйесін цифрландыру бағыты туралы студенттерге ақпарат беру мақсатында 2019  жылдың 5 наурызында университет қабырғасында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауының  және IT технологияға не­гіз­делген «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасы аясында «Сот жүйесін цифрландыру» тақырыбында «Экономика және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен семинар өтті. Семинарға Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға міндетін атқарушы Кәрім Серік Сейтжанұлы және  бас маман Есенбаев Ерлан Маратович қатысты.

Кәрім С.С. және Есенбаев Е.М. «Сот жүйесін цифрландыру» туралы баяндап, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған