Халықаралық ынтымақтастық – «Ташкент қаржы институты»

Өзбекстан Республикасының «Ташкент қаржы институтында» Тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессор оқытушылары арнайы шақыртылып семинарлар, мастер – класс пен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Екі күндік іс – шарада Стратегиялық жоспарлау және даму жөніндегі проректор, университет доценті Сүлейменова Балхия Серікбайқызы мен “Экономика және құқық” кафедрасының меңгерушісі э. ғ. к., доцент Көпешева Айгүл Қуанышқызы арнайы шақыртылып, баяндама оқыды.

Күн тәртібінде – Ташкент қаржы институтымен танысу және тақырыптық дәрістер оқу.Алғашқы күні Экономика және құқық” кафедрасының меңгерушісі э. ғ. к., доцент Көпешева Айгүл Қуанышқызы “Қазақстан Республикасының Заңдарын жүзеге асырудағы білім беру сапасының рөлі” атты тақырыпта баяндама жасады.Баяндаманы профессор – оқытушылар құрамы мен Ташкент жоғары оқу орнының бакалавриат 1 курс студенттері тыңдады. Іс-шараның екінші күні “Экономикалық теория, даму және инновациялар” тақырыбында баяндама оқылып,оны ТҚИ-ның магистранттары мен докторанттары тыңдады.

Жоғарыда аталған іс-шара негізінде  Ташкент қаржы институты мен Ә.Қуатбеков атындағы  Халықтар достығы университеті  бірігіп жұмыс жүргізу жоспарына қол қойылды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған