Оқу ордамызға жаңа атау берілді

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетіне академик Әбдімұса Мұратұлы Қуатбековтың есімі берілді. Жоғары оқу орнының атауын өзгерту университет ұжымы мен студенттерінің ұсынысы негізінде жүзеге асып отыр. Себебі Əбдімұса Маратұлы аталған жоғары оқу орнының негізін қалаушы. Салтанатты жиында оқу ордасының жаңа логотипі таныстырылып,  лентасы қиылды. Іс – шараға Облыстық және қалалық басқарма басшылары, Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, ЖОО-ның басшылары, қоғамдық ұйымдар мен Қазақстан Халық Ассамблеясының өкілдері. Түркістан облысы мен Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері және жұмыспен қамту орталығының басшылары. БАҚ өкілдері қатысты. Презентация барысында қонақтар мен журналистерге жаңа атауының өзгертілуіне байланысты пресс – конференция өтті. Әбдімұса Қуатбеков – еліміздің білім, ғылым саласына өлшеусіз үлес қосқан ардақ жан. Көзі тірісінде түскей жастары үшін білім ордасының негізін қалап, біршама ғылыми жетістіктерді еңсерді. Баспасөз конференциясында бас қосқан ғалымдар осыны ерекше айтты.

Оқу ордасының жетістіктерін көрсететін кафедралардың көрмесі де университеттің оқу – материалдық базасын таныстырылымы да, одан бөлек Марат Омаровпен бірге концерттік бағдарлама да осы іс-шараның бағдарламасында болды. Айта кетейік концерттік бағдарламада, университет ректоры Рабиға Әбдімұсақызының сөзіне жазылған Марат Омаровтың «Әкеге арнау» әні мен М.Омаровтың сөзі мен әніне жазылған университеттің гимнінің тұсауы кесілді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған