ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен, 2019 жылдың 12 ақпаны мен 20 мамыр аралығында, «2019 жыл – Жастар жылы» аясында Шымкент қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарының арасында спартакиада өтіп жатқаны белгілі. Спартакиада кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 26 наурызы күні Волейбол ойыны бойынша жарыс ұйымдастырылды. Ойын нәтижесінде «Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ұлдар командасы алғашқы күні жүлделі І – орынға ие болса, екінші күні қыздар арасында өтетін ойын барысында  нақ біздің университеттің қыздар командасы жүлделі І- орынға ие болды.

ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған