Бітіруші курс студенттерімен өтетін іс-тәжірибе ұйымдастыру конференциясы

    Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімі «Педагогика және психология», «Филология» кафедраларының қатысуымен 2019 жылдың 28 наурызы күні бітіруші 4-курс   студенттеріне ұйымдастыру конференциясын өткізді. Конферецияға университеттің проректорлары, декандары,профессор-оқытушылар қатысты. Білім алушыларға іс-тәжірибеге қажетті құжаттарды талапқа сай рәсімдеу жөнінде  кеңестер берілді.

Конференцияда студенттер педагогикалық іс-тәжірибенің мақсат, міндеттері  және студентердің міндеттері, педагогикалық этикамен және педагогикалық іс-тәжірибе қай мекемеде өтетіні туралы бұйрықтары мен таныстырылды. Тәрбие және әлеуметтік істер  жөніндегі проректор Сыдықов  Бердіқұл Қадырқұлұлы білімгерлерді оқу орданың болашақтағы даму бағыттары мен білім беру жүйесіндегі тың жоспарлар туралы баяндады.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған