Ұлттық бағдарлама «Туберкулезге жол “ЖОҚ” де!»

Университетімізде  рухани жаңғырту  дәрісханасында  Дүниежүзілік туберкулезбен  күрес   күніне орайластырылған   «Туберкулезге жол жоқ де!» ұлттық бақғдарламасы бойынша  дөңгелек үстел  ұйымдастылрды.  Дөңгелек үстелді  медпункт меңгерушісі Есмұрзаева Қалшат Кенжебекқызы ашып, қонақтармен таныстырды. 1.1 .Шымкент  қалалық  өкпе –құрт ауруларына  қарсы диспансердің   фтизиопедиатр Әлмен Нағима  Темірқызы бұл індеттің жұғу жолдары мен алдын алу жолдары туралы айтты. 1.2. Студенттердің профилактикалық  бақылаудан ,  флюрографиядан жыл сайын өтуі  тиіс  екенін медициналық орталық Орынбай   емханасынан  Тулебаева Гулбахар Убайдуллақызы толық ақпараттандырды. Дәрігерлер студенттерге толық мағұлмат берді. Туберкулез қандай ауру? Туберкулез жұқпалы ауру. Ең жиі кездесетін түрі-өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталады да, тек қана Манту реакциясын қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық байқаудан өткенде табылады. Туберкулездің белгілері: -әлсіздік, тез шаршау; -асқа зауқы соқпау, жүдеу; -3 аптадан аса жөтеліп жүру; -түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу; -дене қызуының 37 градустан жоғары көтерілуі; -қан аралас қақырық тастауы Туберкулезден қалай сақтануға болады? Туберкулезден сақтануға болады. а) адам ағзасының қорғаныс жүйесін күшейту үшін туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасын егу-  перзентханада, кейін бала бірінші сыныпқа (6-7 жас) және бала бесінші сыныпқа (11-12жас)  егіледі. Б) салауаты өмір салтын ұстану В)жеке бастың  тазалығын  сақтау Г) дұрыс тамақтанып, зиянды әдеттен бас тарту керек Д) дене шынықтыру, жаттығулр жасау “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде Қорытынды: медицина бөлім меңгерушісі Қ.Есмурзаева

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған