СТУДЕНТІМІЗДІ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Түркістанда Сидней олимпиадасының жеңімпазы, даңқты бокшы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 18-ші халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде бақ сынау үшін елімізден бөлек, 5 мемлекеттен 11 салмақ дәрежесі бойынша барған тәжірибелі спортшылардың  қатарында біздің Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің І курс студенті де бар. Турнирдің нәтижесі бойынша Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының І – курс студенті БАҒДАУЛЕТ ҚҰРАЛ 81 кг ДЕЙІНГІ САЛМАҚТА ЖАҚСЫ ОЙЫН КӨРСЕТІП, ЖҮЛДЕЛІ І – ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған