Халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті

2019 жылдың 25 – сәуірінде Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде “Академиялық және басқару дербестігі жағдайында жоғары білім беру ұйымдарында кадрлар даярлау мәселелері” тақырыбында Халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті. Конференцияға алыс және жақын шетелден көрнекті ғалымдар мен мамандар қатысты. Ғылыми конференцияны университеттің бірінші проректоры А.Ж.Елтаев ашып,өз сөзінде академиялық және басқару жағдайындағы жоғары білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау мәселелерінің өзектілігін атап өтті.Сонымен бірге, конференцияға қатысушылар мен қонақтарға осы мәселеге қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді.
Пленарлық отырыста академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Педагогика және психология кафедрасының профессоры, п.ғ. д. Омар Есеналі Омарұлы «Рухани дамуындағы отбасылық құндылықтардың орны мен рөлі” тақырыбында баяндама жасады. .
Нұрпейсов Нариман Жұманұлы, ф.ғ.к., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті өзінің баяндамасында латын графикасына көшу және әлемнің рухани жаңаруы бойынша кадрларды даярлау мәселелерін шешу жолдарын айтып өтті.
“Болашақ”инновациялық ғылыми – зерттеу институтының директоры, э.ғ.к., доцент,Тұртаев Мүтәлі Расулұлы білім беруді интернационалдандыру мәселелеріне үлкен қызығушылық тудырды.
Мүтәлі Расұлұлы өз сөзінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында мамандар даярлау мәселелеріне қысқаша тоқталып өтті. Сонымен қатар, “Мұнай және құрылыс” кафедрасының аға оқытушысы Абдураев Ж.Е. осы тақырып бойынша ақпаратты толықтырды. Осы Конфедерацияның 4 секциясында күн тәртібі бойынша мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Талқылау нәтижесі бойынша “академиялық және басқарушылық дербестік жағдайында жоғары білім беру ұйымдарында кадрлар даярлау мәселелері” тақырыбында конференция қаулының жобасы дайындалды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған