МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы  2019 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер-ел мақтанышы» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты жас ұрпаққа мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты болуға шақыру.

Аталған іс-шараға университетіміздің Ғылым және  инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры, г.ғ.к., доцент М.Мамадияров пен «Экономика және құқық» кафедрасының  аға оқытушысы Абутаева С.Б. қатысты.  

Аға оқытушы С.Абутаева «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбындаға баяндамасын жасап, «Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің иесі екендіктерін қаншалықты деңгейде сезінуінің, елдің болашағына, ертеңіне сенуінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі стерімізді қолдай берсін. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын», – деп аяқтады.

Іс-шарада түрлі ұлт өкілдері сөз алып, өз пікірлері мен құттықтауларын жолдады. Соңында «Жұлдызға жол» байқауының лауреаты Барақ Н. «Көк тудың желбірегені» атты әні шырқалды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған