Өзбекстандағы «Білім күндері»

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы Өзбекстандағы «Білім күндері» көрмесін ұйымдастырды. Көрме Ағымдағы жылдың 9 – 22 мамыр аралығында  Өзбекстанның ірі  5 қаласында ұйымдастырылды. Мақсаты – Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Өзбекстанда оқуға түскісі келетін түлектерді Қазақстандағы жоғары оқу орындарына тарту. Ол үшін Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 2000 грант бөліп отыр. Жалпы көрмеге Қазақстанның барлық аймағынан 42 жоғарғы оқу орны қатысты. Оның ішінде Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті де бар. Барлық оқу орындары түлектерді өз мүмкіндіктері және артықшылықтарымен  таныстырды. Ташкент, Самарқанд, Қаршы,Бұқара,Нүкіс қалаларында өткізілген көрме нәтижесінде, біздің университетке Өзбекстанның  5  оқу орынымен басшыларымен келісім шарт түзіп, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою жүзеге асырылды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған