Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Xiamen University Malaysia университетінің Президенті мен Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды Бүгін, 2019 жылдың 21-маусымында, Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің кіші мәжіліс залында “XIAMEN University Malaysia” Президенті, профессор Wang Ruifang   қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге жергілікті БАҚ өкілдері, университеттің профессор оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс – шара барысында Малайзия университетінің президенті Wang Ruifang мырзамен мен академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызының арасында өзара ынтымақтастық, кәсіби іскерлік меморандумына қол қойылды. Меморандум шарттарына сәйкес, бұдан былай екі мемлекеттің  университеттері арасында – академиялық ұтқырлық (өзара студенттерімен тәжірибе алмасу) бағыты сондай-ақ, жоғары оқу орындарының кадрларын кәсіби даярлауда өзара тәжірибеден өту мәселелерін жандандыратын болады. Қонақтар Шымкенттік университеттің студенттері мен оқытушыларын өз университеттеріне тәжірибеден өтуге шақырды. Сондай-ақ, екі жақты кездесу кезінде XIAMEN University Malaysia университеті мен академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің білім сапасы, университеттердің тарихы, білім беру жүйесіндегі бағдарламалар мен өзара ұқсастықтары жайында сөз болды және  танымдық – ақпараттық бейне роликтер көрсетілді. Қонақтарға университет  басшылығы тарапынан кәдесін жасап, университеттің материалдық оқу базасымен таныстырды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған