Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің түлектеріне диплом табысталды.

2019 жылдың 10 – шілдесі Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ұжымы мен бітіруші түлектері үшін үлкен маңызға ие, тарихи күн ретінде есте қалды. Өйткені, бұл күні алғаш рет университет тарихында Әбдімұса Мұратұлының атындағы диплом тапсырылады. Яғни, осы оқу орнының негізін қалаушы, құрылтайшысы Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Нью – Йорк Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, П. Капица атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты – Куатбеков Абдімұса Мұратұлы болып табылады. Оның еңбексүйгіштігі, кәсіби және ұйымдастырушылық жұмысының, шебер тәсілі мен терең білімінің арқасында,  аталған университет құрылды. Бүгінгі таңда атауы өзгерген  университет алғашқы түлектерін жаңа өмірге қадам басуына ықпал етіп отыр.

Университет 1999 жылы негізі қаланып, бүгінгі таңда 20 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындық жүргізуде. 20 жылдық аясында көптеген халықаралық, республикалық,облыстық іс – шараларды атқарып жатыр.

2018-2019 оқу жылында Университеттен бакалавриат магистратура мамандықтарының 42 мамандық бойынша 3000 мыңға жуық түлектерге диплом тапсырылды. Соның ішінде 74 бітіруші түлекке ерекше үлгідегі(қызыл) диплом ұсынылды.

Бүгінгі диплом тапсыру рәсімінде алғашқы сөзді оқу орнының ректоры,м.ғ.д., профессор,Түркістан облыс мәслихатының депутаты Рабиға Әбдімұсақызы Қуатбекова ашып беріп, түлектердің алғашқы легіне диплом тапсырады. Әрмен қарай, сахнаға – университеттің негізін қалаушы, президент кеңесшісі Карамат Пердешқызы Қуатбекова және университет президенті Нұрлан Қуатбеков студенттерді құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі және өз кезегінде ерекше үлгідегі диплом иегерлеріне  димлом табыстады. Аталмыш кеште Түркістан облысы мәслихатының депутаттары, әйелдер кеңесінің төрайымы, жұмыс беруші мекеме басшылары, басқа да жоғары оқу орындарының ректорлары мен түлектердің ата-аналары қатысып, құттықтауларын арнады. Сонымен бірге, салтанатты кеште арнайы қонақ ҚР Мәдениет қайраткері, әнші-сазгер, университеттің құрметті профессоры Марат Омаров ән шырқап бітіруші түлектердің бірқатарына диплом тапсырды.Кеште барлық бітірушілерге дилом табысталып,бітіруші түлектердің құрметіне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Соңынан бітіруші түлектер университет тарихында алғаш рет, АНТ беру салтанатын өткізіп, орыс драма театры алдында арман тілектері жазылған шарларды аспанға ұшырды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған