Алаңның қанжығасы майланды!

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен, “Рухани жаңғыру” бағдарламасын орындау мақсатында “Алғыс айту” күніне орай “Ризашылық- мейірімділік бұлағы” жалпыұлттық мәдени білім беру жобасын іске асырды. Жоба шеңберінде “Ұшқыр ой алаңы” оқушылардың республикалық дебат турнирі өтті. Жиынды ұйымдастырушылардың бірі, бас төреші болған Жандос Қалтаев @zhandosqaltay оқушылардың дебат пікірсайысында көрсеткен өнеріне дән риза болғанын жеткізді. Пікірсайыс қазақ лигасы, орыс лигасы боп екіге бөлінді. Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жанынан құрылған “Алаң” жастар пікірсайыс орталығының мектеп лигасының №47 мектеп гимназиясы мен №88 жалпы орта мектебінің оқушылары Бердіхан Айбек пен Танатов Бақдаулет қазақ лигасында жүлделі 2 орынды иеленді. Пікірсайысқа оқушылар Қазақстанның әр түкпірінен келді. Соның ішінде орыс лигасынан бірінші орынды Павлодар қаласы, қазақ лигасынан Алматы облысының оқушылары иеленді. Одан бөлек үздік спикер номинациясы бойынша жүлделі орынды Қостанай, Түркістан, Алматы, Шымкент оқушылары жеңіп алды. Жеңімпаздарды анықтау рәсімінде әртүрлі өнерпаздар өнер көрсетті. Солардың ішінде “Байдың балалары” жайдарман тобы, “Алтын өмір – ай” мектебінен әншілер мен бишілер, скрипкашылар ел көңілін көтеруге тырысты. Марапаттау рәсімінің соңында барлық пікірсайысшылардың жетекшілерін де қара жаяу қалдырмады. Бүгінде “Алаң” пікірсайыс орталығының құрамында №90 мектеп гимназия, №23мектеп лицей, №47 мектеп гимназия, №88 жалпы орта мектеп, №37 жалпы орта мектеп, Назарбаев атындағы Физика – математика зияткерлік мектебі бар және қарқынды дамып келе жатыр. “Алаң” алдағы уақытта тағы да жеңісті күндер тілейміз.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top