Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің  жігіттер қауымы Тәрбие бөлімі мен жастар бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздар мен студент қыздарға арнап концерт өткізді. Мерекелік шараға Карамат Пердешқызы, университет президенті  Қуатбеков Нұрлан мен ректор Қуатбекова Рабиға арнайы қатысты. Президенттің арнайы алғыс хатымен  ұстаздардың біразы сыйлықтармен марапатталды. Қыздар қауымына гүлдер беріліп,  ғажап көңіл- күймен қуантты. Айсберг, Достық жайдарман топтары да әйелдер қауымының жүзіне күлкі сыйлады. Кеш барысында Президент Нұрлан Әбдімұсаұлы бастаған жігіттер, соның ішінде бірінші проректор Байболов Қанат, Оқу білім проректоры Елтаев Әбдімәлік, Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Садықов Бердіқұл  өз ізгі ниеттерін білдірді. Баян аспабымен  Көпжасарұлы Егізбай ұстазымыз да жанды дауыста ән шырқап жиналған қауымды тәнті етті. Жастар бөліміндегі ағаларымыз ойын ойнатып сергіту сәтін де жасап алды. Концерт соңында Садықов Бердіқұл  мен Қожабек Данияр ағайларымыз  ән шырқап қыздар қауымын таңдандырды. Университет арулары шын ризашылықпен мәз – мейрам боп тарасты.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top