Қоронавирустан сақтанайық!

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау  министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін  бақылау комитеті, Шымкент  қаласының  Тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін  бақылау комитеті департаментінің , Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін  бақылау  басқармасының   2020 жылғы 02 наурыз № 21-2521-25-526   хатына байланысты ,Қазақстан Республикасы  ДСМ ТКҚСБК Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігерінің 25.02.2020ж. «ҚР коронавирустық  инфекцияның профилактикалық  шараларының одан әрі күшейту туралы» №9  Қаулысын орындау мақсатында балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы аурушаңдықтың алдын алу мақсатында профилактикалық  іс шаралар жоспарға сай жүргізілді. Әрбір нысанда  дезинфекциялау іс шаралараы күшейтіліп, алгоритмге сәйкес  жұмыс жасалуда.  

          Осыған орай, университет профессор-оқытушыларына, қызметкерлерге , студенттерге  қауіпті індеттің таралу жолы, оның симптомдары мен одан сақтану шаралары түсіндірілді. Кәсіби медицина мамандары  шақырылып,  кездесу өткізу арқылы университеттің  жеке құрамына қауіпті індеттің белгілері, таралуы туралы толық ақпарат берілді. Аталған індетке қарсы сақтық шараларымен таныстырылды. Әр адам өз иммунитетін көтеріп, жеке бастың гигиенасын сақтау арқылы кез келген аурудың алдын алады –  дейді университет медицина қызметінің  меңгерушісі Қ.Есмұрзаева.
Кіре -берістерде дезинфекциялық кілемшелер төселініп, санитарлық жүйелері санитайзерлер  орнатылды. Жауаптылар  бұйрықпен бекітілді.Коронавирустық ауруға және басқа да инфекцияларға күдікті науқастарды анықтау, өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.

 ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық қызметі халыққа мыналарды ұсынады:

  • өте қажет болмаса, басқа елге барудан бас тарту;
  • ҚХР-да болған кезде немесе сол жақтан келген кезде респираторлық ауру симптомдары пайда болған жағдайда, сапар кезінде немесе одан кейін медициналық көмекке жүгіну немесе өзінің емдеуші дәрігеріне инфекцияның таралу аймағына барғаны туралы хабарлау қажет;
  • жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыс жасамау;
  • коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың көтерілуі ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанушылық бойынша маусыммен тұспа-тұс келгенін ескере отырып, науқастармен байланыста болған кезде, сондай-ақ медициналық ұйымдарға барған кезде әр 3 сағат сайын ауыстырылатын, бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалануды ұсынамыз;

– қолды жиі жуу, әсіресе науқас адамдармен немесе олардың айналасымен тікелей байланыста болғаннан кейін;

  • ауру үй жануарларымен және/немесе жабайы жануарлармен тығыз байланыста болмау;

 – аурудың бірінші белгілері пайда болған кезде дәрігерді үйге шақыру, өзін-өзі емдемеу;

– тағамдық берілу жолын болдырмау үшін тамақ өнімдерін мұқият термиялық өңдеуден өткізу және көкөністер мен жемістерді жуу.

Жіті респираторлық инфекция симптомдары бар адамдар жөтел этикетін сақтауы тиіс (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет қолданылатын сулықтармен немесе орамалмен ауызды жабыңыз).

 Жағдай ҚР ДСМ ТКҚСҚБ Комитетінің бақылауында тұр.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top