Профессор-оқытушылар құрамына арналған вебинар

Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне орай Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 2020 жылы 10 сәуірде сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына арналған вебинар өткізілді.

Вебинарға университеттің кафедра меңгерушілері, жетекші ғалымдары және жас оқытушылары қатысты.

Вебинарды жүргізуші университеттің ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры, г.ғ.к., доцент М.Д. Мамадияров.

Вебинар тақырыптары:

  1. Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының ахуалы мен даму болашағы /баяндамашы г.ғ.к., доцент М.Д. Мамадияров/;
  2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебін және жоспарын СМК талаптарына сәйкес ресімдеу туралы /баяндамашы з.ғ.к., доцент Е.Н. Турашев/;
  3. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының біліктіліктерін көтерудің ерекшеліктері туралы /Г. Қожахметова/.

Вебинарда аталған тақырыптар бойынша слайд-шоу презентациялары көрсетілді.

Вебинардағы баяндамашылар хост сұхбат терезі арқылы аудаториялармен тікелей онлайн форматта сөйлесіп, аудитория мүшелерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Вебинарға қатысушылар ғаламтор технологиясы арқылы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен тағы да онлайн байланыспен осындай маңызды мәселелер бойынша вебинарды өткізіп тұру жөніндегі ұсынысты қолдады.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top