Қауіпті індеттен сақтанайық!

Шымкент қаласы тұрғындарының  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы, Шымкент қаласының бас мемлекеттік  санитариялық дәрігері А.Қ.Тулебаевтың ҚР Президентінің 2020 жылдың 15 наурыздағы «ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы » Жарлығына «Халық денсаулығы  және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 7-1 бабы 1 тармағы 13)тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласы Абай ауданының «Тәуелсіздікке  20жыл » тұрғын алабында  короновирустық инфекцияның 2 жағдайының тіркелуіне байланысты және тұрғындар арасында  инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу  мақсатында Қаулы етуіне байланысты академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде  аурушаңдықтын алдын алу мақсатында профилактикалық іс шаралар жүргізілуде.Университеттке кіре-берісте Санитариялық  блок-бекеті орналасты. Әрбір нысанда  дезинфекциялау режимі күшейтіліп, қатаң сақталуда. Күзетшілер әкімшіліктен бекітілген тізім бойынша  қызметкерлерді  кіруге рұқсат берілуде. ЖОО ғимараттарының кіре-берістеріне, санитариялық жүйелеріне  санитайзерлер орналастырылып, дезинфекциялық  кілемшелер төселді. Әрбір адам  кірерде    қолдарын  антисептикалық  ертінділермен жуылып ,  денсаулық жағдайы тексеріліп, (дене қызуы өлшеніліп), бетперде мен біреттік қолғаптармен қамтамасыз етілуде.Денсаулық сақтау басқармасының басшысының  қазіргі  эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин кезінде адамдардан ауру жұқтырып алмау үшін сыртқа шықпай, үйде отыруларыңызды сұраймыз .          

Бүгінгі таңда « Мен сіз үшін жұмыстамын, сіз мен үшін үйде болыңыз»   ұранымен бүкіл әлем дәрігерлері тұрғындардан коронавирустың таралуын тоқтату үшін үйлерінде отыруын сұрап жатыр.

Мен де сіздерді  карантин кезінде сыртқа шықпай, үйде  болуға шақырамын.

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Медицина бекет меңгерушісі Қалшат Кенжебекқызы.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top