31 мамыр – Халықаралық темекі тартумен күрес күні

Дүниежүлік күннің мақсаты: темекінің адам ағзасына зиянды әсері туралы тұрғындардың  хабардар болуын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.Әсіресе  студент жастар мен жасөспірімдерді ақпараттандыру.

Еліміздің барлық облыстарында темекіге қарсы орталықтар бар, олардың негізгі мақсаты:

-шылым шегуге қарсы қарқынды күерсу

-тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ақпараттық алаң құру

– темекіден бас тартуға көмектесу

-денсаулық сақтау және оны нығайту бойынша қоғамдық оң пікірді қалыптастыру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламаларына сәйкес  жыл сайын жаһандық темекі індеті 7 млн аса адамның  өмірден озуына себеп болуда ,  олардың ішінде  бір миллионға жуық адам  темекі түтінімен тыныс алуына байланысты қайтыс болуда.

Шылым шегу көптеген күрделі  аурулардың пайда болуына себеп болады, адам ағзасының барлық жұмысына теріс әсер етеді.

Шылым шегуден бас тартуға бел буған адам үшін, алдына қойған мақсат және себептер келесідей болуы шарт:

– дені сау болу  және дені сау балаларды дүниеге әкелу

-үнемделген қаражатқа пайдалы нәрсе сатып алу

-өзінің  әдет-қылықтарын басқара алатндығын көрсете отырып, өзін –өзі бағалауды арттыру және өз өміріне жауапты болу.

Темекісіз өмір сүруге болады. Біздер темекісіз өмірді қолдаймыз дейді Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері.

Медпункт меңгерушісі Қ.Есмұрзаева

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top