26-маусым – Халықаралық нашақорлықпен күрес күні

Нашақорлық–әлеуметке ортақ проблема. Жер бетіне миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік Бүгінгі таңда Қазақстанда есірткі пайдаланушылар мен таралушыларға қатысты жағдай кәмелетке толмағандар, балалар мен жасөспірімдер үшін өте қауіпті болып тұр, олар қазіргі заманның осы әлеуметтік дертіне өте тез шалдығады. Ерте ме, кеш пе, бірақ әрбір нашақордың осы шырмаудан бір ғана шығар жолы бар мезгілінен бұрын, болмай қалмайтын өлім, шамадан тыс дозадан өзін-өзі жою немесе өзіне-өзі қол салу. Есірткіге тәуелді тұлғаларда жұқпалы аурулар есірткі тұтынбайтындарға қарағанда, жиі кездеседі. Есірткіні көк тамыр ішінен тұтынатын есірткіге тәуелді адамдар мен олардың жыныстық серіктері үшін ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупі жоғары болады. Мәселен, есірткіні осылай қабылдайтындардың көбі С вирустық гепатитін жұқтырған болып шыққан. Сондай-ақ, есірткіге тәуелді адамдардың гигиеналық жағдайларының нашар болуы және иммундық жүйесінің әлсіздігі салдарынан туберкулезге шалдығу қаупі жоғары болады. Сол секілді 3-5 жыл бойы есірткі тұтынып келген әйелдер бала табу қабілетінін айырылуы мүмкін.
Естеріңізде болсын! Есірткі оны тұтынатын адамның өмірін жалмайтын тозақ дерті. Сондықтан оған қарсы баршамыз болып жұмылсақ қана айналамыздағы адамдарды, ұрпағымызды оның құрығынан сақтап қаламыз.

“Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі”. “Медицина кәсібі- адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз.

Ал бүгінгі таңда бүкіл әлемді  елең еткізіп отырған

Коронавирус инфекциясын алдын-алу шараларын қатаң ұстаңыздар!

-Қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;

– Қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;

– Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;

– науқас адамдармен байланыста болмауға;

– суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

– бетпердені әр екі сағат сайын ауыстырып  кию қажет;

– коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық себептер бойынша жүргізіледі.

Медпункт меңгерушісі          Есмұрзаева Қалшаткүл

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top