ТАЛАПКЕР – 2019

Талапкерлерге арналған жеңілдіктер
Білім беру гранттары бөлінісіндегі өзгерістер

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) өткізілу өзгерістержоқ.  Білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұрын-соңды ЖОО мемлекеттік гранттары мамандық бойынша бөлінетін болса, ендігі кезекте білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады. Аталмыш топтарға жоғары оқу орындарының бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді.  Барлығы 97 топ бар.
Маусым айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі сынақты талапкер «Математика» + «Физика» пәндерінің комбинациясы бойынша тапсырады делік. Сәйкесінше, талапкер үшін білім беру бағдарламасының тобын ұсынылған 25 бағдарламаның ішінен таңдап алу мүмкіндігі туындайды. Төменде пәндер комбинациясы мен сәйкесінше білім беру бағдарламалары топтарының көлемін ұсынамыз:

«Биология» + «География» — 9
«Дүниежүзі тарихы» + «География» — 4

«Математика» + «Физика» — 25
«Химия» + «Биология» — 16

«География» + » Дүниежүзі тарихы » — 1
«Қазақ тілі» + «Қазақ әдебиеті» — 3

«Орыс тілі» + «Орыс әдебиеті» — 3

«Шет тілі» + » Дүниежүзі тарихы» — 5

«Математика» + «География» — 9

«Дүниежүзі тарихы» + «Адам. Қоғам. Заң» — 2
«Химия» + «Физика» — 1
«География» + «Шет тілі» – 2

Шығармашылық емтихан + Шығармашылық емтихан (білім беру бағдарламалары топтарының саны — 9).

ЖОО-ға түсуге қосымша мүмкіндік беретін жаңашылдықтар:

  1. ҰБТ-ны енді жылына 4 рет тапсыруға болады. Тестілеуді тапсырған сайын әр түрлі пәндер комбинациясын таңдауға болады. Білім беру гранттарын жеңіп алу үшін талапкер міндетті түрде жазғы ҰБТ тапсыруы қажет.
  2. Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, өз мамандығы бойынша қысқартылған бағдарлама бойынша оқуын жалғастыра отырып, ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады. Оқуға түсу үшін ЖОО емтихандарының нәтижелері жеткілікті;
  3. Кешенді тестілеу (КТ) ҰБТ-мен біріктірілді.

Бірыңғай ұлттық тестілеудің бейіндік пәндері мен білім беру бағдарламалары топтарының тізімі

Оқуға қабылдаудың типтік ережелері

Дайындық бағыттары бойынша мамандықтар тізімі

Шетел азаматтарын қабылдау ережелері

Құжаттар тізімі:

  1. Үміткердің анкетасы
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған аудармасы)
  3. Ықтияр хаттың  көшірмесі (болған жағдайда)
  4. Аттестат немесе диплом (түпнұсқа), (нотариалды расталған көшірмесі және аудармасы);
  5. Дипломды нострификациядан  өткізгені туралы құжат немесе нострификация  процедурасынан  өтуге тапсырылғандығы туралы анықтама (Астана қаласындағы ХҚКО «Халыққа қызмет көрсету орталығы»);
  6. Шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (TOEFL шектік  ұпай -560 тан кем болмауы керек;  IELTS -6.0 ден кем болмауы қажет (болған жағдайда)
  7. 3 х 4 көлеміндегі 6 фотография, конверт;
  8. 086у формасындағы медициналық анықтама ;
  9. флюорография түсірілімінің көшірмесі мен түпнұсқасы

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды  қабылдау ережесі

Білім  грантын иелену жөніндегі конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет;

  1. Бекітілген үлгідегі бланк бойынша жазылған өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған аудармасы), (төлқұжатта ұлты «қазақ» деп көрсетілмеген болса азаматы болып табылатын елдің Елшілігінен ұлты туралы анықтама алып келу);
  3. .Диплом мен оның қосымшасының түпнұсқасы,  нотариалды расталған көшірмесі және аудармасы
  4. Дипломды нострификациядан  өткізгені туралы құжат немесе нострификация  процедурасынан  өтуге тапсырылғандығы туралы анықтама (Астана қаласындағы ХҚКО «Халыққа қызмет көрсету орталығы»);
  5. ТКТ (талапкерлерлі кешенді тестлеу) сертификаты
  6. Шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (ағылшын,француз,неміс тілдері) (TOEFL ITP) шектік  ұпай -560 тан кем болмауы керек;  IELTS шектік ұпай -6.0 ден кем болмауы қажет, GrundbausteinDaF шектік ұпай-С 1, DSH, шектік ұпай – С 1, DELF, шектік ұпай – В 2, DALF, шектік ұпай – С 1, TCF, шектік ұпай – не менее 400 (сертификаттар болған жағдайда);
  7. 3 х 4 көлеміндегі 6 фотография, конверт;
  8. 086у формасындағы медициналық анықтама;
  9. флюорография түсірілімінің көшірмесі мен түпнұсқасы
  10. Шет тілін білетіндігі  жөнінде сертификат болмаған жағдайда шет тілі бойынша тест тапсыру үшін төленген төлемақы түбіртегі. Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойныша тест тапсыру  құны 1 үміткер үшін 4200 теңге. ҚР БҒМ «Ұлттық тестлеу орталығы» РМКК реквизиттері: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 60. СТТН 600 300 086 081, БИН 000140001853,  ИИК KZ536010111000001515, БИК HSBKKZKX, КБЕ 16,  «Қазақстанның халық банкі» АҚ.

Құжаттар тізімі

Ағымдағы жылдың жалпы орта білім беретін мекемелерінің түлектері үшін (ҰБТ тапсырғаннан кейін)

  1. Бекітілген үлгідегі өтініш;
  2. Аттестат және диплом (түпнұсқа және нотариалды расталған аудармасы);
  3. Аттестат немесе  диплом көшірмесі;
  4. ҰБТ сертификат;
  5. ҰБТ сертификатының көшірмесі;
  6. 3х4 өлшемді 8 фото  ;
  7. 086у формасындағы медициналық анықтама;
  8. 063 екпе картасының көшірмесі
  9. Флюорография түсірілімінің көшірмесі (басқа қаладан келгендер үшін);
  10. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  11. Тіркеу куәлігінің көшірмесі (ұлдар үшін);
  12. Папка скоросшиватель – 1(қағаз), файл – 3, конверт – 1(А5)

Шығармашылық мамандықтар:

5В010800 – «Физкультура және спорт»

5В020600 – «Дінтану»

5В042000– «Сәулет»

5В042100 – «Дизайн»

5В42200 – «Баспа ісі»

5В050400 – «Журналистика»

5В051400 – «Қоғаммен байланыс»

5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу»

КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ қатысуға қажетті құжаттар тізімі

Өтініштерді қабылдау мерзімі 1-20 маусым.

Өткізілу мерзімі 14 – 18 шілде. 

  1. Бекітілген үлгідегі өтініш;
  2. Бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіби) немесе орта кәсіптік оқу мекемесін бітіргендігі туралы  аттестат немесе диплом (түпнұсқа), (нотариалды расталған көшірмесі және аудармасы);
  3.  Тест тапсыру үшін төленген төлемақы түбіртегі;
  4.  3×4 көлемді 2 фото;
  5.  086у формасындағы медициналық анықтама;
  6. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі  (нотариалды расталған аудармасы), (төлқұжатта ұлты «қазақ» деп көрсетілмеген болса азаматы болып табылатын елдің Елшілігінен ұлты туралы анықтама алып келу);
  7. Папка- скоросшиватель (қағаз), 3-файл, 1-конверт (А5)

ҰБТ - 2019

ҰБТ өткізу ережелері

ҰБТ жауап парағын толтыру